Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанда алдағы сәрсенбі, 15 қазанда ауа райына антициклон мен атмосфералық фронттардың әсері байқалады.
Қар жауып, үсік жүреді: 15 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
1,520
оқылды

Қазгидромет 15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанда алдағы сәрсенбі, 15 қазанда ауа райына антициклон мен атмосфералық фронттардың әсері байқалады.

Алдағы тәулікте ауа райы айтарлықтай өзгермейді – антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады. Ал батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл мен тұман болады.

Жетісу облысында –2…–7°С дейін үсік жүреді.

Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 2-7 градус үсік жүреді. Талдықорғанда түнде 5-7 градус үсік жүреді.

Ақмола облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с. Төтенше өрт қаупі бар. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.