Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі екі бөлімнің меңгерушісін жаңадан тағайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Айта кетейік, ол 2024 жылы 6 ақпанда Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалып, сол жылы 21 желтоқсанда қызметінен кеткен болатын.
Сондай-ақ Президенттің өкімімен Жандос Бақытбекұлы Иманалиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.