Жаңа ереже бойынша химиялық кастрация сот шешіміне сәйкес психиатриялық немесе амбулаториялық медициналық ұйымдарда орындалады.
Бүгіннен бастап педофилдерге қатысты химиялық кастрация жазасын қолдану ережесі ресми түрде күшіне енді
Фото: iStock
288
оқылды

Бұл өзгеріс Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдану қағидаларына» енгізілген өзгерістер негізінде жүзеге асады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Аталған шара тек 18 жастан асқан және педофилия сипатындағы қылмыс жасаған адамдарға  қолданылады. Ол психикалық ауытқуы бар тұлғаларға қолданылмайды және тек заңды күшіне енген соң сот үкімі арқылы жүзеге асады.

«Сотталған адамды босатуға алты ай қалғанда, түзету мекемесінің әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жолдайды. Сараптама қорытындысы негізінде химиялық кастрация қолдану туралы шешім қабылданады», – делінген министрлік хабарламасында.
 
Министрлік дерегінше, кейінгі екі жылда елде 96 адамға осындай шара тағайындалған: 
2023 жылы – 40 адамға

2024 жылы – 56 адамға. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.