Республикамыздың батысында солтүстік-батыс циклон әсерінен жаңбыр жауады.
Күн суытып, үсік жүреді: 21 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay
2,530
оқылды

Қазгидромет сейсенбі, 21 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Жетісу облысының орталығында, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.

Республикамыздың батысында солтүстік-батыс циклон әсерінен жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында солтүстік антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел екпін алады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады.

Маңғыстау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл өңірінің орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай өңірінің оңтүстік-батысында және Ақмола облысында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы өңірінің солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.