Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде – Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі аралықта тоқтатылды.
«Қайрат» пен «Астана» арасындағы матч: қалада жолдағы көлік қозғалысы уақытша тоқтады
555
оқылды

Алматыда “Қайрат – Астана” футбол матчы кезінде Сәтбаев көшесінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде – Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі аралықта (шығыс–батыс бағытында) көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

“Алматы полициясы қала тұрғындарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады”, – деп мәлімдеді полиция департамент.

Еске салайық, бүгін Алматыда Қазақстан премьер-лигасының соңғы, 26-турындағы шешуші матч өтеді. Бұл кездесу ел чемпионын анықтайды: алаң иелеріне тең нәтиже жеткілікті болса, қонақтарға чемпион атану үшін  жеңу қажет. Қазір алматылықтардың еншісінде – 58 ұпай, ал астаналық командада – 56 ұпай бар.