Қазақстан оқушыларының робототехникадан Ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 Бүкіләлемдік Олимпиадасында биыл қатарынан төртінші жыл жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әлемнің 190 елінен келген командалардың ішінен NIS Алматы-Медеу мектебінің 9-10 сынып оқушылары бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі жоғары марапатты жеңіп алды:
Grand Challenge Award (алтын) - Роботтардың біліктілік ойындарында рекорд орнатқан абсолютті чемпиондарға берілетін турнирдің Бас жүлдесі.
Albert Einstein Award (алтын) - Үздік инженерлік әзірлемелері, техникалық шеберліктері мен командалық жұмыс және көшбасшылық жетістіктері үшін берілетін Жоғарғы төрешілік марапат.