Авторы: Жетісу қызы
I бөлім
Көктем еді…
Көкжиекке тіл бітті,
Сезім тербеп, ойды терең тербетті.
Бір үміттің сәулесі боп асқақтап,
Жүректерге сырлы арман өрлетті.
Табиғаттың түпсіз сырын аңғарған,
Көкейінде мың бір күйі самғаған.
Жұматайдай жырдың жарық жұлдызы,
Уақытпенен өшпес рухы – таң қалған
Жанның үнін жырдың сырмен тербеген,
Сөздің дәмін сезімменен өрлеген.
Гүлдің тілін, бояудың да жанарын,
Қағаз бетке тірілткен бір ер дер ем.
Табиғаттың түпсіз сырын шертеді,
Сөз әлемі – жүректің бір өрнегі.
Жетісудың көк белінде тербелген,
Жұматайдың жыры мәңгі өлмеді.
Саз бен сөздің шекарасы жойылған,
Уақыт сырын өлеңіне сыйдырған.
Жұматайдың үнінде бір мәңгілік,
Жалған дүние ішіндегі ойлы арман.
Күллі бояу, үн мен әуез жарасып,
Өлеңімен уақыттарға тарасып.
Көкжиектен бозінгендер көшкендей,
Сол жыр менен далаларға ары асып.
Ойлы ұрпаққа арнағандай әр сөзін,
Жеткізгендей жүрек толы бар сезім.
Жұматайдың үні бүгін тірі боп,
Жаңа ұрпақты тербеп жатыр нар сезім.
Өлеңімен оятты ол ғұмырды,
Сөзбен тіккен сансыз нәзік тұғырды.
Жұматайдың жыры бізге жол сілтер –
Жұлдыз жаққан поэзия ғұмыры.
II бөлім
Кенежирен – ақынның серігі…
Кенежирен… Үнсіз сырлас тағдырмен,
Тыныс алып кең даланың әрбір дем.
Жұматайдың жүрегінде сол атпен,
Уақыттардың ізі қалған мәңгі ерен.
Дүбірінде көкжиектер жаңғырып,
Сезімдердің пернесі боп ән қылып.
Шабыт қуған боз жорықтың жолында,
Жыр боп аққан сырды тағы жаңғырып.
Кең даланың төсін тербеп, самғаған,
Көк майсада қиялменен арнаған.
Кенежирен – жырына да шырақ боп,
Көңілінің көшін алға жалғаған.
Жетісудың боз беткейін кезетін,
Құрақ сыбдыр, тау самалын сезетін.
Жұматайдың ойлы жанын тербеткен –
Кенежирен – сөз сапарын түзетін.
Саз толқиды тұяғынан таралып,
Жан әлемі ғаламымен жаралып.
Жұматайдың тың рухынан бір үзік,
Даланың да үнін алып таралып.
Жылдар өтіп, сан тараулы белестен,
Кенежирен – сол бір рух елестен.
Жұматайдың жырыменен үндесіп,
Кең дүние тербеледі теңескен.
Кенежирен – сағым кезген жылдарда,
Жұматайдың сырын тербеп тыңдар ма?
Сол бір дана үнсіз ғана сыр шертіп,
Бүгінге де жетті міне, жырларға.