Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады.
Көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді: 11 қарашаға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
297
оқылды

Қазгидромет  11 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с. Таразда 11 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, түнде және танертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 11 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Атырау облысының батысында, шығысында нөсер жаңбыр жауады, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Атырауда 11 қарашада түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде 11 қарашада жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 11 қарашада түнде қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстансоққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 11 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 11 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Ақтауда 11 қарашада түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 11 қарашада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 11 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді.

Астанада 11 қарашада көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оралда да 11 қарашада түнде және таңертең тұман болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.