Бұл концерт Қазақстанның бай мәдени мұрасын танытып, екі елдің рухани диалогын нығайтуға ықпал етті.
Қазақстан мен Ресей президенттері гала-концертті тамашалады
Фото: Ақорда
217
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Путин Қазақстан өнерпаздарының гала-концертіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған мерекелік кеш Үлкен театрда өтті. Сахнада қазақтың музыкалық және хореографиялық өнерін насихаттап жүрген танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. 

Бұл концерт Қазақстанның бай мәдени мұрасын танытып, екі елдің рухани диалогын нығайтуға ықпал етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.