Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар облыста қауіпті метеожағдай күтілуде.
Жел күшейіп, боран соғады: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
384
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 17 қарашада ауа райына байланысты елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мамандардың болжамына сәйкес, елдің басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронтальды учаскелер өтетін батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде ғана жаңбыр, қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, солтүстік-батыста қарлы боран соғады. 

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар облыста қауіпті метеожағдай күтілуде.

Жамбыл, Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар, ШҚО, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, БҚО, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар облыстарында көктайғақ болады.

Қостанай облысында боран күтілуде.