Елордада тұрғын үй қасбетінің кірпіш қаптамасы құлап, алған жарақатынан көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайын әпкесі келінін жоқтап жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы ол Threads парақшасында жазды.
"Жап-жарық жұлдызым, аппақ келінім, мына өмірге сыймай кеттің-ау. Аллам өзі алып кетті-ау арамыздан. Жарқ етіп жанған жұлдызым-ау… Өміріңді қиып басқаны құтқарып өзің бізді тастап кеттің-ау тіл қатпастан, бір ауыз сөзге де келмей… Аллам, Жәннаттың төрінен орын берші… Алланың ісіне көнеміз басқа амал бар ма? Біз сенімен мақтанамыз, сен батырсың!", - деді марқұмның жақыны Назерке Зейнел.
Желі қолданушылары қайғыға ортақтасып, түрлі пікір жазды.