Қазақстанның солтүстігінде, күндіз орталығында жексенбіде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, делінеді синоптиктердің болжамында.
«Тұман, қар, жаңбыр»: 23 қарашаға арналған ауа райы болжамы
1,124
оқылды

"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 2025 жылғы 23 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстанның солтүстігінде, күндіз орталығында жексенбіде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, делінеді синоптиктердің болжамында.

Еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады деп болжанады.

Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республикамыздың басым бөлігінде тұман түседі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстікте жел екпін алады деп болжанады.