Сонымен қатар Мақпал Жүнісова аула тазалаушысы жоқ екенін, есік алдын сыпырумен өзі айналысатынын айтты.
«Қимай-қимай қоштасып жатырмын...»: әнші Мақпал Жүнісова желіге ерекше видео салды
15,147
оқылды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында видео жүктеп, оған ерекше жазба жазған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әнші Instagram парақшасына ауладағы жапырақтарды сыпырып жүрген видеосын жүктеген. 

"Ана жолы үйдің артындағы жапырақтарды жинатқызбап едім, балконнан қарап тұрғанда сап-сары боп жата тұрсыншы деп. Күздің аяғында қимай-қимай жапырақтармен қоштасып жатырмын",  деп жазды әнші. 

Сонымен қатар Мақпал Жүнісова аула тазалаушысы жоқ екенін, есік алдын сыпырумен өзі айналысатынын айтты. 

"Қозғалыс  өмір, қандай керемет", "Мақпал ханым, күш-қуат берсін", "Денсаулыққа пайдалы",  деп оқырмандары түрлі пікір жазды.