"Қазгидромет" мәліметінше, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі – жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын түседі.
Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Температуралық фон бойынша еліміздің солтүстігінде ауа температурасының сәл жоғарылауы күтіледі – түнде 0-8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Оңтүстік-шығыста күндіз температураның біртіндеп 3-11 градус жылыға дейін төмендеуі, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз күтіледі. Елдің қалған аумақтарында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.