Қазгидромет 29 қарашада ауа райына байланысты еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Оралда 29 қарашада түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, сондай-ақ облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Семейде 29 қарашада түнде көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, сондай-ақ облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Өскеменде 29 қарашада түнде көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп болжанады.
29-30 қарашада Жамбыл облысында тұман түсіп, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 29-30 қарашада тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, сондай-ақ облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 29 қарашада түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 29 қарашада күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі.
29-30 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түсіп, солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 17-22 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 29 қарашада күндіз көктайғақ болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.