Жоғары рейтингтік ұпайды ойыншы топтық кезеңдегі матчтан кейін иеленді.
Қазақ футболшысы Чемпиондар лигасындағы үздіктер қатарына енді
1,603
оқылды

Футболдан «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков халықаралық талдау платформасы SofaScore нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы үздік футболшылар қатарына енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жоғары рейтингтік ұпайды ойыншы топтық кезеңдегі матчтан кейін иеленді. Бұл ойында оның клубы «Pafos FC» командасымен 0:0 есебімен тең түсті. Кездесу қорытындысы бойынша Анарбеков SofaScore жүйесі бойынша ең жоғары – 10.0 деген баға алды. Бұл көрсеткіш оған турнирдің осы кезеңінде үздік жеті ойыншының қатарына кіруге мүмкіндік берді. Бұған дейін Анарбеков «FC Copenhagen» командасына қарсы ойыны үшін де SofaScore тарапынан 8.5 деген жоғары баға алған болатын, бұл оның жалпы рейтингтегі орнын нығайтты.

SofaScore – спорттық статистика саласындағы ең беделді ресурстардың бірі. Оның рейтингтері ойыншының пас дәлдігі, табысты жекпе-жектер, тосқауылдар, қауіпті сәттер мен жалпы ойынға қосқан үлесі секілді күрделі алгоритмдер негізінде қалыптасады.