Синоптиктер Қазақстан бойынша 2025 жылғы 2-4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
2-4 желтоқсан күндері ауа райы қандай болады?
Фото: iStock
684
оқылды

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады,  жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.

Тек батыста, сондай-ақ 2-3 желтоқсанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон тарамының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Температуралық тыныста айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.