Қосымша қаржыландыру қажеттігі дәнді дақылдардың жоғары өнімділігі мен шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық астыққа деген сұраныстың артуына байланысты туындап отыр.
Үкімет астық экспортын қолдауға қосымша 7 миллиард теңге бөлді
Фото: gov.kz
303
оқылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі астық экспорттаушыларды қолдау үшін қосымша 7 млрд теңге бөлді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қаражат көлік шығыстарын субсидиялаудың қолданыстағы бағдарламасы бойынша мемлекеттің міндеттемелерін толық орындауға, сондай-ақ приоритетті шетелдік нарықтарға жеткізуді одан әрі ынталандыруға бағытталады.

Биыл көлік шығындарын субсидиялауға Үкімет резервінен 31 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат қазақстандық өнімнің жаңа экспорттық бағыттарға шығуын, бұрын болған нарықтарға қайтадан қол жеткізуді және баламалы логистикалық маршруттар бойынша алыс шетелдерге экспорт көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етті. Жүзеге  асырылған шаралардың қорытындысында жаңа және қалпына келтірілген нарықтарға астық жеткізу көлемі 2,5 млн тоннадан асты.

Бұған дейін 2026 жылға арналған көлік шығыстарын субсидиялау бағдарламасын кемінде 30 млрд теңге көлемде қаржыландыра отырып ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі аграрлық секторды дамыту, экспорттық әлеуетті кеңейту және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі дәйекті саясатты жалғастыра береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.