Кодекс бизнеске түсетін жүктемені жеңілдетіп, кәсіпті жүргізуге жайлы жағдайлар жасауға арналған.
Жаңа Салық кодексі бизнеске бюрократиядан арылуға көмектеседі
Фото: gov.kz
79
оқылды

Қаржы министрлігі атқарушы билік пен азаматтардың арасындағы ашық диалогты нығайтуға бағытталған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын бірізді түрде іске асырып келеді. Осы жұмыс аясында ведомство жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруді қолға алғаны белгілі. Шымкентте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов кәсіпкерлермен, ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Ержан Ерікұлы маңызды өзгерістердің бірі ретінде салық есептілігінің көлемін 30% азаюы жөнінде жеткізді. Бұл кәсіпкерлерге құжаттарды дайындау кезінде уақыт үнемдеп, өз қызметін дамытуға мүмкіндік береді.   Камералды бақылауды хабарлама форматында жаңғырту да маңызды жаңалықтардың қатарында. Енді салық органдары қатаң шараларды автоматты түрде қолданудан бас тартып, анықталған кемшіліктер туралы хабарлама жіберіп отырады.

Бұл норма мемлекет пен бизнестің арасындағы сенімді арттыруға, сондай-ақ келеңсіз жағдайларды барынша икемді реттеуді көздейді.  Тағы бір айтарлықтай жаңалық, енді салық төлеушілердің шоттары автоматты түрде бұғатталмайды. Осыған дейін бұғаттау тәртібі компаниялардың, әсіресе шағын және орта бизнестің тұрақты жұмысына қауіп төндіріп келген-ді.

Сонымен қатар жаңа заңда былтырғы салық тексерулерін жоюды қарастыратын норма бар. Осы тәсіл жүйені болжамды етеді және кәсіпкерлерге алаңсыз жұмыс істеуге жол ашады.   Сол секілді Қаржы вице-министрі салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетілгенін атап өтті.

Енді салық төлеушілер уақытша қаржылық қиындықтарға ұшыраған жағдайда қажетті қолдауға ие болу жеңілдейді, бұл әсіресе экономикалық тұрақсыздық жағдайында өзекті. Мұндай тәсіл бизнеске өтімділікті сақтауға және қаржылық сын-қатерден сақтануға мүмкіндік береді.   

Бұдан бөлек Қаржы министрінің орынбсары жиналысқа қатысушыларға басқа да маңызды өзгерістер туралы толық айтып берді. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жаңа Салық Кодексін енгізу бойынша жедел шаралар шеңберінде 2026 жылдың бірінші қаңтарынан бастап микро және шағын бизнеске қатысты "таза парақтан" салықтық әкімшілендіруді жүргізу көзделеді. 

 Е. Біржанов осы жылдың соңына дейін камералды тексерулер мен салықтық тексерулер жүргізілмейтінін еске салды. Сондай-ақ осы күнге дейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану немесе компанияларды тіркеу туралы сотқа талап-арыз беру тоқтатылады. Кәсіпкерлік субъектілері үшін қызметті таратудың жеңілдетілген тәртібі енгізіледі, ол камералды бақылаудан өтуді талап етпейді. Кәсіпкерлер ҚҚС бойынша есепке қою тәртібін бұзып, салық есебін ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.   Егер де негізгі қарыз 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін өтелсе, барлық есептелген өсімпұл мен салықтар бойынша айыппұлдарды есептен шығару маңызды қолдау шарасы болады. Қаржы вице-министрінің айтуынша, бұл қадамдар бизнестің жаңа ережелерге көшуін жеңілдетуге және әкімшілік қысымды төмендетеді.