Бұл өзгеріс жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның айтуынша, егер салық төлеуші есепті уақытында тапсырмаса, бұл нөлдік көрсеткіштері бар декларация ретінде есептелетін болады.
«Бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларында бекітілген. Шартты түрде айтқанда, салық төлеуші салық есебін ұсынуды ұмытып кетсе, айыппұл салынбайды – ол нөлдік есептілік ретінде қабылданады. Кейіннен салық төлеуші есепті кезеңдегі нақты кірісін өзі декларациялай алады», – деп атап өтті вице-министр.
Сонымен қатар, Ержан Біржанов мүлік салығы мен жер салығы бойынша жаңа өзгерісті де атап өтті. Егер міндеттемелер сомасы 1 миллион теңгеден аспаған жағдайд,а бұл төлемдердің есебі жойылады.