Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Күзет қызметін бақылауды күшейту мәселесін талқылайды
86
оқылды

Депутаттар қолданыс­тағы Салық кодексіне ком­муналдық меншіктегі энер­гия өндіруші ұйым­дарға салық салу мә­се­ле­ле­рі бойынша толық­тырулар ен­гізу туралы заң жобасын бі­рінші оқылымда қарай­ды. Заң жобасын депутат­тар электр және жылу энер­­­гия­сын, сондай-ақ суды бір мез­гілде өндіретін ұйым­дарға берілетін мемлекеттік субсидияларды толық пай­далану мақсатымен әзір­леді. 

Құжатта салық салудың құқықтық негізі белгіленеді және стратегиялық нысан­ның пайда салығын төмен­дету көзделген. Нысан – Ақ­тау қаласын, жақын маң­дағы ауылдарды және аймақтағы өнер­кәсіптік кәсіпорын­дарды электр энергия­сымен, жылумен, техникалық және ауыз­сумен қам­тамасыз ететін Маңғыстау облысын­дағы көпсалалы кәсіпорын.

Мәжіліс депутаттары бас­тамашы бол­ған күзет қыз­меті мәселелері бойын­ша тү­зетулерді екінші оқы­лым­да қарау ұсы­нылып отыр. Заң жобасы күзет қыз­меті са­ласындағы мем­ле­кеттік бақылауды жү­зеге асыру рәсімдерін жетіл­діру­ге, сондай-ақ қару ие­лері мен күзет қызметтерін ұсынатын ұйымдарға қойы­латын талап­тарды кү­шейтуге бағытталған.

Сонымен қатар жалпы оты­рыста 2024 жылдың 29 қа­занында Ұлан-Батырда қол қойылған Қазақстан мен Моңғолия үкі­меттері ара­сындағы зейнетақы са­ла­сын­дағы ынтымақ­тас­тық туралы ратифика­ция­лық ке­лісім қаралады. Құ­жат екі ел азамат­тары­ның зейнетақымен қам­сыз­дан­дыру саласындағы құқық­тарын қамтама­сыз етуге, соның ішінде басқа елдің ау­ма­ғына көшу ке­зінде қосымша мүмкін­дік­тер беруге, атап айтқанда, зейнетақы төлем­дерін та­ғайындау кезінде жұмыс тә­жі­рибесін ескеруге және қосуға бағытталған.