Бұл нарықтың «жергілікті шыңына» жеткенінің белгісі болуы мүмкін.
Елімізде соңғы уақытта несиеге көлік алатындар қатары көбейген
108
оқылды

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының аналитикалық орталығы биылғы жылдың 9 айындағы автонесиелеу нарығы бойынша шолуын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Елімізде автонесиеге деген сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр. Өтінімдер саны бір жылда 48%-ға өскен. Бұл автонесиелеу бөлшек несиелеу ішіндегі ең қарқынды өсіп жатқан сегмент екенін көрсетеді.

Несиеге берілген автомобильдердің үлесі 38%-дан 66%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіштер автокөліктің көлік құралы болумен қатар, табыс табу көзіне айналғанын білдіреді (такси, жеткізу, т.б.).

Сонымен қатар өндіріс көлемінің артуы да оң әсер етті. Елімізде шығарылған көліктердің үлесі 6%-дан 11%-ға дейін ұлғайған.

 

Бірақ сарапшылардың болжамынша, IV тоқсанда нарықта бәсеңдеу болады. Несиелер бойынша мөлшерлемелер өсе бастады. Аал жаңа берілген несиелердің қарқыны төмендеп келеді. Бұл нарықтың «жергілікті шыңына» жеткенінің белгісі болуы мүмкін.