6 желтоқсанға қараған түні Ресей Украинаға жаппай дрондар және ракеталармен шабуыл жасады
Украинадағы Днепр қаласында Ресейдің ракеталық шабуылынан кейін шоколад пен дәрі-дәрмек қоймалары өртенді
УНИАН
159
оқылды

Днепр қаласында түнгі ракеталық шабуылдан кейін бірнеше өндірістік қойма отқа оранды. Қала әкімі Борис Филатовтың айтуынша, марля мен бинт сақталған қойма, сондай-ақ шиналар қоймасы толық жанып кеткен.

Украина Төтенше жағдайлар қызметі өрттің әлі де сөндіріліп жатқанын хабарлады. Қоймалардың үлкен аумағы өртенгендіктен, жалынды ауыздықтауға авиация күші тартылған. Сонымен бірге жергілікті D1 телеарнасы Millenium шоколад фабрикасының қоймасы да жанып жатқанын мәлімдеді.

6 желтоқсанға қараған түні Ресей Украинаға жаппай дрондар және ракеталармен шабуыл жасады. Сегіз облыста энергетикалық инфрақұрылым нысандары зақымданды. Днепропетровск, Чернигов, Запорожье, Одеса, Львов, Волынь, Николаев және Киев облыстарында кәсіпорындар мен тұрғын үйлер де зардап шекті.