Серік Теміржанов IBA ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында 14-0 рекордты профи-боксшыны жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
60 келі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда Серік Теміржанов моңғол боксшысы Эрдэнэбат Цэндбаатарды ұтты. Ол — 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы және кәсіби рингте 14-0 рекорд жинап, оның ішінде алты қарсыласын нокаутқа түсірген спортшы.
27 жастағы Теміржанов — 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Токио-2020 Олимпиадасына қатысушы.
Оның келесі қарсыласы — Замбия боксшысы Эндрю Чилате.