Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз жетінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада бірнеше сатыға жоғары көтерілді.
Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Загребте өткен турнирде қола медаль жеңіп алды
121
оқылды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Загребте (Хорватия) өткен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз жетінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада бірнеше сатыға жоғары көтерілді.

Самоделкина жалпы есепте 182,63 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Америкалық Брэдди Тэннел (194,97) жеңіс тойын тойлады. Ал Финляндия спортшысы Лида Кархунен (187,05) екінші орынға ие болды.