Жалпы айыппұл сомасы 1,2 миллион теңгеден асты, бір іс сотқа жолданды.
Санитарлық талапты бұзған бірнеше дәмханаға айыппұл салынды
137
оқылды

Алматының Медеу ауданында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бірқатар кәуапхана мен дәмхананы тексеріп, бес нысанның төртеуінен заңбұзушылық анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жалпы айыппұл сомасы 1,2 миллион теңгеден асты, бір іс сотқа жолданды.

Тексеру кезінде «Грузинский двор» және «Modi» дәмханаларында көмірмен жанатын мангал қолданылғаны белгілі болды. Жақын маңдағы тұрғындар қалың түтін мен жағымсыз иіске шағымданған.

 

Eco Almaty және табиғатты қорғау полициясы кәсіпкерлерге қатты отынды пайдалануға тыйым салынатынын, газ жабдығын қолданған жағдайда сүзгілер орнату міндетті екенін ескертіп, экологиялық талаптарды сақтау қажеттігін түсіндірді.