Гуманоид робот BMW X3-тің 30 000-нан астам көлігін құрастырғаннан кейін «зейнетке» шығарылды. Робот та шаршай ма?
Жасанды интеллект роботы зейнетке шығуға рұқсат алды
Figure AI командасы жаңа Figure 03 моделіне арналған электрониканы қайта жобалаған. Фото reddit.com сайтынан алынды
368
оқылды

BGR сайтының хабарламасы негізінде Aikyn.kz роботтардың қартаю көрсеткішін түсіндіреді.

Көптеген америкалықтар жинақталған қаражатының жеткіліксіздігіне, инфляцияға және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің төлем қабілетіне қатысты зейнетке шығуды кейінге шегеруді ойлап жүр. Бірақ кейбір роботтардың «зейнетке» шығуына еш кедергі жоқ. Бұл роботтар соңғы жылдарды адамдар сияқты қарттар үйінде өткізбесе де, қысқа ғана еңбек жолында айтарлықтай жұмыс атқарып, бірнеше «жарақат» алып үлгерген.

Figure 02 деп аталатын гуманоид роботтар BMW автокөлік өндірушісінің зауытында жұмыс істеді. Олар BMW X3 премиум-кластағы 30 000-нан астам шағын кроссоверді шығаруға көмектесті. Зауыттағы жұмысы барысында роботтар 90 000 металл бөлшекті тасыған.

11 айға созылған сынақ кезінде роботтар тобы 1250 сағат жұмыс істеген. Роботтар өз жұмысына бейімделген сайын олардың мүмкіндіктері де жақсарған. Бағдарламаның оныншы айына қарай олар зауыт цехында толық 10 сағаттық жұмыс ауысымын орындауға қабілетті болды. Жиналған деректер Figure 02 құрылғыларының металдан жасалған бөлшектерді тиеу кезінде 99%-дық дәлдік көрсеткен.

Figure 02 роботтар паркін 11 ай бойы сынақтан өткізу нәтижесінде жиналған тәжірибе Figure AI компаниясының болашақ Figure 03 робот-жұмысшысында ескерілген. Компания сынақ кезінде Figure 02 роботтары ұсақ эксплуатациялық мәселелерге ғана тап болғанын, солардың ішіндегі ең елеулісі білек аймағына қатысты проблема болғанын атап өткен. Қолдың жұмыс ерекшелігіне байланысты бұл аймақ жоғары деңгейдегі ептілікті талап етеді. Сонымен қатар, білек пен білезік жетектерінің үнемі қозғалыста болуы салдарынан бұл аймақта жылулық шектеулері туындайды. 

Осы сынақтардан алынған деректер Figure AI командасы жаңа Figure 03 моделіне арналған қол блогындағы электрониканы қайта жобалаған. Мақсат – функционалдылықты жақсарту және пайдалану кезіндегі ақауларды азайту. Нәтижесінде Figure 02 зауыт жағдайында гуманоид роботтың не істей алатынын көрсеткен сәтті мысал ретінде танылды. Біраз бұзылулар мен сызаттарға қарамастан, Figure 02 Figure AI командасына маңызды деректер беріп, лайықты «зейнетке» шығуға рұқсат алды.

Адамдармен әрекеттесе алатын және үй шаруасының негізгі функцияларын орындайтын гуманоид роботтар – көпшіліктің көптен бергі арманы. Бүгінде бұл арман тарихта бұрын-соңды болмаған деңгейде шындыққа жақындады. Оған тек Figure AI компаниясының Figure роботтары ғана емес, осы салада өз орнын алуға ұмтылып жатқан көптеген технологиялық компаниялар да әсер етуде.

Жасанды интеллект саласындағы жетістіктер тұтынушылық робототехниканы технологиядағы келесі ірі серпіліске айналдырды. Немістің Neura компаниясы жыл басында 4NE1 роботын таныстырды. Neura өз роботтарының корпоративтік ортада қазірдің өзінде қолданылып жатқанын және жақын болашақта тұтынушылық нарыққа шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Калифорниялық 1X компаниясы да Neo атты, құны 20 000 доллар тұратын, күнделікті үй шаруасына арналған роботын таныстырды. Компания Neo роботын алғашқы сатып алушыларды бірден бета-тестер ретінде тартуды жоспарлауда. Олардың пікірінше, роботтың үйреніп, дамуының ең тиімді жолы – шынайы үйлерде, нақты тұрмыстық міндеттерді орындай отырып жұмыс істеу.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.