Қазірге дейін командалар 69 мәрте шеберлік байқасты.
«Барыс» хоккей клубы ресейлік «Сибирь» командасымен кездеседі
305
оқылды

Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазірге дейін командалар 69 мәрте шеберлік байқасты. Оның 28-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 29 ұпаймен 18-орынға жайғасса, «Сибирь» 24 ұпаймен 20-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 16 желтоқсанда Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен кездессе, одан кейін 18 желтоқсанда «Динамо» (Мәскеу) (Новосібір) командасымен шеберлік байқасады.