Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің алтыншы, туры аясындағы "Қайрат” пен Грекиялық "Олимпиакос" командалары арасындағы матчқа қызмет көрсету құрметі Испанияның жоғары білікті төрешілер бригадасына бұйырып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Матчтың бас төрешісі болып Испания Ла Лигасының тәжірибелі маманы Хуан Мартинес тағайындалды.
Төрешілер құрамы:
Бас төреші: Хуан Мартинес
Төреші көмекшілері: Рауль Кабаньеро, Иньиго Прието
Бейнекөмекші төреші (VAR): Карлос дель Серро
Бейнекөмекші төрешінің көмекшісі (AVAR): Хавьер Иглесиас Вильянуэва
Төртінші төреші: Хавьер Альберола
Төрешілердің барлығы Испанияның футбол федерациясының өкілдері.