Сондай-ақ олар Конституцияның күшін тоқтату, барлық құрлықтық шекаралар мен әуе кеңістігін жабу туралы хабарлады. Елдегі әскери өтпелі кеңесті подполковник Тигри Паскаль басқарады.
Батыс Африкада тағы төңкеріс: Бенинде әскери кеңес билікке келді
262
оқылды

Бенинде әскери күштер ұлттық телеарна эфирінде сөз сөйлеп, президент Патрис Талонды қызметінен тайдырғандарын және билікті өз қолдарына алғандарын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ олар Конституцияның күшін тоқтату, барлық құрлықтық шекаралар мен әуе кеңістігін жабу туралы хабарлады. Елдегі әскери өтпелі кеңесті подполковник Тигри Паскаль басқарады.

Францияның Бениндеги елшілігі хабарлағандай, мемлекеттің ең ірі қаласы Котонудағы президент резиденциясы маңынан оқ дауыстары естілген. Елшілік өз азаматтарына қауіпсіздік үшін үйлерінен шықпауға кеңес берді.

Ресейдің Бениндегі елшілігі де осыған ұқсас үндеу жасап, жағдай толық анықталғанша ресейліктерге үйлерінде қалып, сақтық шараларын мұқият сақтау қажеттігін атап өтті. РИА Новости таратқан мәліметке сәйкес, елшілік жағдайдың даму барысы туралы қосымша ақпарат беруге уәде еткен.

Өздерін «Қайта құру жөніндегі әскери комитет» деп атаған топ мемлекеттік телеарнада Патрис Талонды «республика президенті қызметінен босату туралы шешім қабылдағандарын» айтты.

Алайда Талонның айналасы оның қауіпсіз жерде екенін хабарлады.

«Бұл — тек теледидарды бақылауына алған шағын топ. Тұрақты армия бақылауды қалпына келтіріп жатыр. Қала мен ел толық қауіпсіз жағдайда», — деп мәлімдеді президент офисі AFP агенттігіне.

67 жастағы Талон келесі жылы екінші мерзімі аяқталған соң отставкаға кетуі керек еді, президент сайлауы сәуірге жоспарланған. Талон — Бенинде «мақта королі» атанған белгілі бизнесмен. Ол алғаш рет 2016 жылғы сайлау нәтижесінде билікке келген. Президент үшінші мерзімге түспейтінін мәлімдеп, өз мұрагерін де атаған болатын.

 

Бұл төңкеріс Батыс Африканың осы елінде бір апта бұрын көрші Гвинея-Бисауда президент Умару Сиссоку Эмбало биліктен тайдырылғаннан кейін орын алып отыр. Соңғы жылдары Батыс Африкада Буркина-Фасо, Гвинея, Мали және Нигерде бірнеше әскери төңкеріс болып, аймақтағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына алаңдаушылық күшейген.