Ақмола облысында "Жас сақшы" сыныбының оқушысы нашақорлыққа қарсы мультфильм жасаған.
Оқушы нашақорлыққа қарсы мультфильм жасады
Фото: gov.kz
121
оқылды

Ақмола облысында "Жас сақшы" сыныбының оқушысы нашақорлыққа қарсы мультфильм жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушылары әзірлеген "Виртуалды таңдау – нақты өмір" инновациялық жобасы таныстырылды. Бастама жасөспірімдерде тыйым салынған заттардан тұрақты бас тартуды қалыптастыруға, олардың зейінін және есірткіге байланысты тәуекелдерге эмоционалды сезімталдығын арттыруға бағытталған.

Мультфильмді жасауда жасанды интеллект, сондай-ақ заманауи иммерсивті технологиялар және виртуалды шындық қолданылды. Жоба бойынша жұмысты мектеп педагогтері құқық қорғау бағытындағы сынып оқушыларымен бірлесіп жүргізді. Тұсаукесер күні жас әріптестеріне қолдау көрсету үшін Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл құрылымдарының және Ақпараттандыру және байланыс басқармасының өкілдері келді. Интерактивті анимациялық мультфильмді "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушысы Исламбек Мадяр жасады. Мультфильмдегі бас кейіпкерлер тыйым салынған затты сынап көру немесе басқа, қауіпсіз жолды  таңдауына тап болады. Сюжет арқылы автор жасөспірімдерге бір шешімнің кейінгі өмірге қалай әсер ететінін көрсетуге тырысады.

Жобаның тағы бір модулі "Таңдау сенде" квест ойыны болды. Әзірлеушілердің айтуынша, ойын зейінді, шоғырлануды дамытады және есірткінің зияны туралы қолжетімді түрде маңызды білім береді. Тұсаукесер барысында № 11 мектеп-гимназиясының директоры Ботагөз Кусакаева, педагогтер мен оқушылар жобаның пысықталу сатысында тұрғанын атап өтті. Жақын арада жобаны басқа білім беру мекемелерінің жұмысына енгізу жоспарлануда. Жоба жасанды интеллект технологияларын жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және ескерту үшін қалай тиімді пайдалануға болатынының жарқын мысалы болды.