Бұл — кәсібін бағалайтын, жауапкершіліктің салмағын білетін және еліміздің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күн сайын қамтамасыз етіп жүрген үлкен отбасының тарихы.
170 жылдық тарихы бар Хабибуллиндер династиясы энергетика саласын дамытуға үлес қосып келеді
109
оқылды

Энергетик күні қарсаңында отандық энергетика саласындағы ең көрнекті еңбек әулеттерінің бірі  Хабибуллиндер отбасы туралы айтпақпыз. «Топар» серіктестігіндегі олардың жалпы еңбек өтілі 170 жылды құрайды. Бұл – бірнеше ұрпақты біріктірген кәсіби адалдықтың, дәстүрдің және іске деген құрметтің тарихы, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Династия бастауы

Әулет тарихы 1973 жылдан басталады. Сол жылы Хамза Гатауллинұлы Хабибуллин Топардағы Қарағанды ГРЭС-не жұмысқа орналасып, котельді цехтың кезекші слесары болып еңбек жолын бастаған.

Табандылығы мен кәсіби өсуге деген ұмтылысының арқасында қазандық машинисіне дейінгі жолдан өтеді және кейін аға машинист атанады.

Ол техникумды сырттай бітіріп, біліктілігін жетілдірді, жас мамандарға тәлімгер болды. Оның есімі бірнеше рет Құрмет тақтасына енгізіліп, стансаның Құрмет кітабына ең үздік энергетиктердің бірі ретінде жазылды.

2006 жылы зейнетке шыққанымен, ұжымнан ұзақ уақыт алшақтамады,  бірнеше айдан кейін қайта оралып, жас мамандарға тәжірибесін үйретуді жалғастырды. Ол стансаға 36 жыл арнады.

Әке жолын жалғаған ұлдар

Хамза Гатауллинұлының ісін оның ұлдары  Радик және Андрей Хабибуллиндер жалғастырды.

Радик Хамзаұлы 1989 жылы кәсіпорынға келді. Алғашында автогаражда жүргізуші болды, кейін әкесінің жолымен цехқа ауысып, слесарьдан машиниске дейін өсті. Кейін автогараждың аға механигі қызметін атқарды. Оның жалпы еңбек өтілі  23 жыл.

Андрей Хамзаұлы, Алматы Энергетика және байланыс институтының түлегі, 2003 жылы стансада еңбек жолын бастады. 20 жыл ішінде ол қазандық машинисінен станса кезекші бастығының орынбасарына, кейін  бас инженердің эксплуатация жөніндегі орынбасарына дейін көтерілді. Қазір станса жанындағы оқу орталығының негізгі оқытушыларының бірі ретінде болашақ энергетиктерді дайындайды. Оның еңбек өтілі  22 жыл.

Әулет дәстүрін Андрей Хамзаұлының жұбайы  Зинаида Васильевна да жалғастыруда. Ол стансада 21 жыл еңбек етіп, Қазақстан Электроэнергетикалық қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Үшінші ұрпақ: энергия жалғаса береді

Әулет мүшелерінің немерелері де энергетика саласын таңдады.

  • Тимур Хабибуллин  электр цехының электрмонтері, еңбек өтілі  8 жыл.
  • Виктория Чернова (Хабибуллина)  химиялық және жөндеу қызметінің маманы, еңбек өтілі  10 жыл.
  • Евгений Чернов  эксперттік қабылдау басқармасының жетекші маманы, еңбек өтілі  14 жыл.

Дәстүр, энергия және адамдар

Бұл  тек қызметтік өмірбаяндардың тізбегі емес. Бұл  кәсібін бағалайтын, жауапкершіліктің салмағын білетін және еліміздің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күн сайын қамтамасыз етіп жүрген үлкен отбасының тарихы.

170 жыл  жай сан емес. Бұл  энергетиканы жай жұмыс емес, өмірлік мұрат деп қабылдайтын бірнеше ұрпақтың еңбегі. Хабибуллиндер әулеті  адалдықтың, табандылықтың және мамандыққа деген шексіз сүйіспеншіліктің шынайы символы.