Бұл туралы Абай облысының әкімі аудан тұрғындарымен кездесуде айтты.
«Аягөз-Бақты» теміржолы экономиканы дамытуға үлес қосады
Фото: gov.kz
106
оқылды

 

Облыс басшысы Берік Уәли Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесуде Қытайдан келіп жұмыс істеп жатқан азаматтарға қатысты пікір білдіріп, олардың ел экономикасына үлес қосып жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz

«Шәуешектен Аягөзге қатынайтын теміржол – көкжиегімізді кеңейтетін мүмкіндік. Ішкі Қытайдың жүк көліктері Аягөз арқылы жүретін болады. Бұл өз кезегінде көптеген жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қытай компаниясы 300 шақырымға жуық жол салады. Олардың сапалы әрі жылдам салатынын білеміз. Сол жұмыстарға жергілікті тұрғындарды да тартатын боламыз. Жұмысқа келген Қытай азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын болса, оларды заң аясында жауапқа тартып, қажет болған жағдайда ел аумағынан шығарамыз. Олардың жұмыстарын көрсетілген мерзімде аяқтағаны бізге тиімді емес пе?! Жалпы, шетелден келіп жұмыс істеп жатқан азаматтарға жергілікті билік тарапынан сырттай бақылау жасалатын болады», - деді ол.

Сонымен қатар облыс әкімі экономика жағдайы мен инвестиция және екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты бағалайтынын атап өтті.

«Қытайдан қашпауымыз керек. Бүкіл әлем Қытай инвестициясына зәру, соған таласып жатыр. Олар біздің жолымызды салайын деп жатыр. Егер де олардың талабына сай жұмыс істей алатын болса, неге жергілікті мамандарды жұмысқа тартпасқа? Тартамыз. Өздеріңіз білесіздер, «Омбы-Майқапшағай» күре жолының «Қалбатау-Майқапшағай» жолын салған кезде 200-ге жуық жергілікті тұрғын сол жерде жұмыс істеді. Қарапайым халықты Қытайға қарсы қоюға болмайды. Қытай халқы әлемнің барлық елінде жұмыс істеп жүр. Сондықтан Қытайдан қорықпауымыз керек. Олар "Аягөз-Бақты" теміржолын салуға қатысып жатыр. Керісінше, сіздер қытайларға көмектесіңіздер. Олар жұмыс істеуге келді. Қонақүйде тұрмағанда, қайда тұрады?! Олар қонақүйдің иесіне ақшасын төлеп, заңды түрде тұрып жатыр. Алдағы 2 жыл ішінде теміржол салынады, теміржолдың бойына басқа да адамдар келеді. Оның бәрі ақша, оның бәрі біздің облысымыздың экономикасына құйылған қаржы. Үлкен инвестиция. Оларды біз қайта тарту керекпіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай елінің басшысы Си Цзиньпинге рақмет, екі елдің арасындағы барыс-келісті арттыру үшін визасыз режим жасады. Сіздер де Қытайға барып сауда жасаңыздар. Қытайдың туристері осында келіп жатыр. Үйіңіздің қасынан соларға қызмет көрсететін орын ашыңыз. Қой бағыңыз, өнімін өткізіңіз. Биыл Алакөлге қаншама қытайлық туристер келді. Олар осында қалып қойып жатқан жоқ қой. Келіп, жұмыс істеп жатыр. Өзіңіз де Қытайға, шетелге барасыз ғой. Оларға жағдай жасап, керегін өзімізге алуымыз керек. Жастарды Қытайдан келген жұмысшыларға қарсы қоймай, керісінше олардың бізге еңбек етуге келіп жатқанын, біздің жолымызды салып берейін деп жатқанын түсіндіруіміз керек. Теміржол салынатын болса, ел экономикасына қаншама қаржы құйылады. Теміржол Аягөзге дейін келетін болса, оның келесі кезеңі бар. Аягөзден Қарағандыға жол тартылады. Аягөздің екінші, үшінші тынысы сонда ашылады», - деді Берік Уәли.

Облыс әкімі Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесуде шетелдік инвестициялық жобалардың маңызына тоқталды.

«Шәуешектен Аягөзге қатынайтын теміржол – көкжиегімізді кеңейтетін мүмкіндік. Ішкі Қытайдың жүк көліктері Аягөз арқылы жүретін болады. Бұл өз кезегінде көптеген жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қытай компаниясы 300 шақырымға жуық жол салады. Олардың сапалы әрі жылдам салатынын білеміз. Сол жұмыстарға жергілікті тұрғындарды да тартатын боламыз. Жұмысқа келген Қытай азаматтары ҚР заңдарын бұзатын болса, оларды заң аясында жауапқа тартып, қажет болған жағдайда ел аумағынан шығарамыз. Олардың жұмыстарын көрсетілген мерзімде аяқтағаны бізге тиімді емес пе?! Жалпы, шетелден келіп жұмыс істеп жатқан азаматтарға жергілікті билік тарапынан сырттай бақылау жасалатын болады», - деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.