ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында теміржол саласында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы айтты.
Биыл 175 жаңа заманауи жолаушылар вагоны сатып алынды
202
оқылды

2025 жылы көлік саласының негізгі көрсеткіштері тұрақты өсуді көрсетеді. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол елдің транзиттік әлеуеті мен логистикалық мүмкіндіктері кеңейіп, қызмет көрсету сапасы артып келе жатқанын атап өтті. Осы жұмыс аясында бірқатар шаралар мен ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды.

«Жол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде биыл 13 мың шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Бұл рекордтық көрсеткіш. Оның 4 мың шақырымы облыстық және аудандық жолдар. Жөндеу жұмыстарының нәтижесі бойынша жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ды құрайды»,  — деді Нұрлан Сауранбаев.

Биыл «Қалбатау – Майқапшағай», «Ұзынағаш – Отар» және «Қызылорда – Жезқазған» жобалары аяқталатыны атап өтілді. Орташа жөндеу жұмыстары шеңберінде Жезқазған – Петропавл және Қарағанды – Қарқаралы республикалық жолдарында жөндеу жұмыстары аяқталды.

ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында теміржол саласында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы айтты.

Ол теміржол желісінде Достық – Мойынты жобасы аяқталғанын хабарлады. Сондай-ақ Алматы қаласының айналма теміржол жобасы аяқталуға жақын.  

«Бұдан бөлек жаңа логистикалық мүмкіндіктер ашатын Мойынты – Қызылжар, Мақтарал – Дарбаза және Аягөз – Бақты теміржол учаскелерінің құрылысы жүруде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскесінде жөндеу жұмыстары жоспарланған», — деді Нұрлан Сауранбаев.

ҚР Президентінің көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде осы жылдың соңына дейін 46 теміржол вокзалын жаңғырту аяқталады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Ол республикада 124 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары басталғанын, жыл соңына дейін оның 46-сында құрылыс жұмыстары аяқталатынын атап өтті.

«Биыл 175 жаңа заманауи жолаушылар вагоны сатып алынды. 2030 жылға дейін ҚТЖ-ның вагондар паркі толық жаңартылады», — деді Нұрлан Сауранбаев.