Бағдарлама барысында аңыз әнші көрермендерді елең еткізер жаңалығымен бөлісті.
"Сахнамен қоштасуым мүмкін...": Роза Рымбаева тосын мәлімдеме жасады (видео)
Фото: YouTube
255
оқылды

"Abai TV" телеарнасындағы «Сарасөз» бағдарламасында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық әртісі, қазақ музыкасының айнымас символына айналған Роза Рымбаева қонақ болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бағдарлама барысында аңыз әнші көрермендерді елең еткізер жаңалығымен бөлісті. Қазір ол шығармашылық жолының жарқын сәттерін қорытындылайтын 50 жылдық есеп беру кешіне қызу дайындық жүргізіп жатыр.

Роза Қуанышқызының айтуынша, осы мерейтойлық концерт оның үлкен сахнадағы соңғы кеші болуы әбден мүмкін.

«Бұл – менің өнер жолымның ең маңызды кезеңдерінің бірі. Осы концерттен соң сахнамен қоштасуым мүмкін», – дейді әнші.

Аңызға айналған дауыс, өшпес әндер және жүрекке жеткен өнердің тарихы бүгін көрерменге жаңа қырынан ашылмақ.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ABAI TV (@abaitvkz)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.