Қазгидромет 10 желтоқсандағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте, Түркістанда кей уақыттарда тұман болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырауда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Алматыда түнде қар жауады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Қонаевта түнде қар жауады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Қызылордада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысында қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семейде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүсігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскеменде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15 м/с.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, түнде облыстың таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда тұман түседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.