Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы, фольклортанушы, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби-поэтикалық кеш ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Отбасымен оқимыз» клубы алаңында өткен іс-шарада қаламгердің бала тәрбиесі мен балалар әдебиетіне қосқан үлесі кеңінен сөз болды. Сонымен бірге ақын шығармашылығына арналған «Жыр жолымен өткен ғұмыр» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Кеш қонағы, ақын, жазушы Баянғали Әлімжанов Өтебай Тұрманжановтың туындылары жас буынның рухани тәрбиесінде ерекше орын алатынын, оның шығармаларының құндылығы бүгін де өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.