Отандастарымыз алғашқы ойында Италияның «Савино Дель Бене» клубымен кездесті. Кездесу 3:0 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді. (25:22, 25:21, 25:20).
А тобындағы келесі матчта «Жетісу» Перудің «Альянса Лима» клубымен өзара мықтыны анықтайды. А тобында бұдан басқа «Осаско» (Бразилия) клубы бар. Жалпы, 9-14 желтоқсан аралығында өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің алты елінен сегіз команда қатысып жатыр.
А.АЙДАРҚЫЗЫ