Пәтер алуға жарнасыз жол іздегендер үлкен қаржылық тәуекелге барады.
«Бастапқы жарнаны жинай алмаған адам ипотеканы да төлей алмайды»: тұрғын үй сарапшысы маңызды мәселені қозғады
297
оқылды

Бұл туралы тұрғын үй нарығы бойынша сарапшы Қайрат Қожанов айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Алғашқы жарнасыз үй сатып алу – әзірге тек Банк ЦентрКредит ұсынатын опция. Қолданыстағы нормаларға сай, 20 % бастапқы жарнаның орнына басқа жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға рұқсат етіледі, яғни екінші пәтерді не үйді кепілге қоюға болады. Бірақ көпшілік мұндай кепілі болмаған соң, бастапқы жарнаны жабу үшін тұтынушылық несие алады. Сол несиеге алған ақшаны алғашқы жарна ретінде құяды. Нәтижесінде, қарыз алушының мойнына бірден екі міндеттеме жүктеледі. Олар – ипотеканың ай сайынғы төлемі және бастапқы жарнаны өтеуге алған қарыз. Адамдардың көбі мұны төлей алмай қалады. Нәтижесінде "мерзімінен кешіктіру" (просрочка) болады. Сөйтіп жүргенде, адамдар үйден айырылып қалуы мүмкін. Бұл басқа тұтынушылардың үй ала алмауына кері ықпал етеді. Сондықтан бұған кеңес бермеймін. Өйткені алғашқы жарнаны жинай алмаған адам ипотеканы да төлей алмайды деп ойлаймын», – деді сарапшы.