Алматыда «Жасанды интеллект және цифрлық сауаттылық: жалған ақпаратпен күрестегі жаңа сын-қатерлер» тақырыбындағы Х Орталық Азиялық журналистика семинары өтті. Әлемдік қауымдастық жасанды интеллектке қалай жауап беріп жатыр? Қолданыстағы заңнаманы қалай өзгерту қажет? ЖИ адамзаттың игілігі үшін қалай жұмыс істеуі керек? Бұл және басқа да өзекті мәселелерді Орталық Азия өңірінен жиналған семинар қатысушылары талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
БҰҰ-ның Қазақстандағы Ақпараттық бюросының Басшысы – БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы Өкілі Властимил Самек атап өткендей, семинар жыл сайын бүкіл әлемде 10 желтоқсанда атап өтілетін Адам құқықтары күніне орайластырылған. Бұл күн әлемдегі ең маңызды жаһандық міндеттемелердің бірі – Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданған күніне орайластырылған.
Ғылыми жиынды университеттің Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан ресми түрде ашып, «Жасанды интеллект дәуіріндегі цифрлық сауаттылық» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, жиынға шетелдік университет ғалымдары, еліміздегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті және «Тұран» университетінің зерттеуші ғалымдары қатысты.

Абай атындағы ҚазҰПУ Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Ертай Сұлтан жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру мен өнер, шығармашылық саласында универсиеттердің академиялық рөл және инновациялық ізденістер туралы баяндама жасады.
– Бүгін біз ғылыми нәтижелі жетістіктің жария болуына куә болып отырмыз. Бұл жасанды интеллект және цифрлық сауат бағытындағы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландырған үлкен жоба. Зерттеу жұмысы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында басталып, қазақ білім-ғылымының қарашаңырағы Абай атындағы ҚазҰПУ-да аяқталып жатыр. Бұл екі университеттің ортақ жетістігі. Бір оқу орнында теориялық тұрғыдан зерделеніп, екінші университетте тәжірибелер жүзеге асып, «RasInfo» ресурсы дайындалды. Бұдан кейін де осындай екі жақты бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, жаңа жобалар жүзеге асады деп сенемін, – деді проректор Ертай Сұлтан.
Властимил Самек, Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросы Басшысы – Қазақстандағы БҰҰ жаһандық коммуникация департаментінің өкілі Орталық Азияда цифрлық сауат нығайту және дезинформациямен күресу үшін жасанды интеллект технологияларын қолданудың практикасы туралы сөз сөйледі.
Маджер Масанов, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Аймақтық Офисінің Коммуникация және ақпарат жөніндегі Ұлттық бағдарлама қызметкері «Журналистерге арналған Медиа және ақпараттық сауат тақырыбындағы ЮНЕСКО материалдары» туралы баяндамасында ЮНЕСКО Медиа және ақпараттық сауат және цифрлық құзыреттерді барлығы үшін дамытуды қолдайды. Мақсаты адамдардың ақпаратқа сыни көзқараспен қарауына, онлайн ортада қауіпсіз және жауапкершілікпен әрекет етуіне және біздің ақпараттық экожүйемізге, цифрлық технологияларға деген сенімділікті қамтамасыз етуіне мүмкіндік беру.
ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Салауатты онлайн-ақпарат кеңістігі және жасанды интеллект» жобасының менеджері Джулия Хаас таяуда ЕҚЫҰ «Ірі технологиялық платформалар және жасанды интеллект дәуіріндегі БАҚ бостандығын қорғау» нұсаулығының авторы. Ол баяндамасында Үлкен Технологиялық платформалардың (Big Tech) плюрализм мен демократия үшін жүйелі қауіп туғызуы мәселесіне баса назар аударды.
Жобаның жетекші ғылыми қызметкері Людвиг-Максимилиан Мюнхен университетінің Медиа және коммуникация кафедрасының меңгерушісі, коммуникация профессоры Томас Хайницш «Орталық Азиядағы журналистік мәдениеттер» тақырыбында Қазақстан, Өзбекстан елдері бойынша зерттеу нәтижелерін таныстырды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Марғұлан Ибраимов ҚазҰУ-дың инновациялық экожүйесінің негізі ретіндегі пәнаралық зерттеулер мен ЖИ-технологияларын жан-жақты талқылады.

Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры Гүлмира Сұлтанбаева фактчекинг пен медиасауат креативті құралы ретіндегі «RasInfo» мобильді ресурсын таныстырды.
«AI-Derek – бұл фактчекингке негізделген және осындай технологияларды қолдану тәжірибесін сипаттайтын фейктермен күрес құралы. AI-Derek RasInfo мобильді ресурсымен интеграцияланған және пайдаланушылардың фактчекинг саласындағы сұрақтарына жауап береді», – деді жоба жетшісі.
Профессор Клара Қабылғазина ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде фактчекингті оқытудың авторлық әдістемесінің тәжірибесі мен болашағын қорытындылады. «Ала-Тоо» Халықаралық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Жарнама және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі Айнұра Қабатай қызы «Жалған контенттің просодиялық маркерлері: манипуляциялық және жалған хабарламаларды анықтау үшін аудиоталдау мүмкіндіктері» атты қызықты әрі пайдалы баяндама жасады.
Сондай-ақ, семинарда «Цифрлық сауат көрсеткіштері: Қазақстандағы ақпараттық мәдениетті дамыту жүйесі» және «Қазақстандағы жалған ақпарат пен дезинформация индикаторлары» атты кітаптар таныстырылды. Ғылыми еңбектерде Қазақстандағы ақпараттың жүйелі және гибридті сипаты талданады, олар оқыту модульдерін, сондай-ақ көптеген мысалдарды қамтған ғылыми еңбектерде 79 кейс, сызбалар, графиктер мен диаграммалар теориялық ережелер талданып, сипатталған. 400-ден астам терминнен тұратын «Цифрлық сауат» тақырыбындағы ауқымды глоссарий ұсынылған.
Қазақ, орыс, ағылшын жарық көрген бұл ұжымдық монографиялар мен әдістемелік нұсқаулықтар дезинормация тақырыбын зерттеушілер, медиа және ақпараттық сауатты арттыруда ғылыми көпшілік басылымдар.