Қазгидромет жұма, 12 желтоқсандағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, солтүстік-батыс циклонының ойысы мен оған қатысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар жауады.
Батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады, жел күшейіп, тұман түседі.
Солтүстік, шығыс және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында боран болады. Ал оңтүстікте, батыста және орталық өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.
Сонымен қатар солтүстік антициклонның ықпалымен елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады.
Ал Жетісу облысы Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні секундына 30 метрге және одан да жоғары болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.