«1001 түннің» жұлдызды қонағы болған әнші BAYANSULU сұхбатында өнерге қалай келгенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, анасы өнерге жетелеп әкелген. Сонымен қатар Қайрат Нұртастың өмір жолы өзін жігерлендіргенін атап өтті.
«Қарапайым отбасында өстім. Әкемнен бөлек тұрып, анама ауыртпашылық түскен кездер де болды. Анам бала күнімнен бойымдағы талантты көріп, артық қаражаты болмаса да, түрлі байқауларға қатысуға жағдай жасаған. Бірде анам екеуміз конкурсқа киетін костюм алу үшін Алматыдағы «Алтын орда» базарына бардық. Сонда анам «қызым ән айтады» деп сатушыға айтқан. Cонда ол кісі «Осы жерде Қайрат Нұртастың анасының дүкені болды, қарапайым отбасы еді. Еңбектеніп, жетелеп жүріп, осы күнге жеткізді деді. Бұл оқиға анам екеуімізді жігерлендірді», - дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.