Әнші бағдарламада ол өзін сынап, жағымсыз пікір жазып жатқандарға жауап берді.
“Қарғайтындай жағдай емес...”:  Мөлдір Мұқанның фильмін сынап, басы дауға қалған әнші оқырманға жауап берді
Фото: YouTube
433
оқылды

Әнші Бақыт Тұрман «KEZDESU» бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі Мөлдір Мұқанның фильміне сын айтамын деп басы дауға қалған еді. Бағдарлама барысында ол өзін сынап, жағымсыз пікір жазып жатқандарға жауап берді.

«Ұятсыз, жұрт қарғайтындай жағдай емес. Тек кино туралы жеке пікірімді айттым. Сын айтылғаннан кейін, ертесі күні Мөлдір ханым өзі дайректке жазды. Толықтай өз қателіктерін мойындап, түсіністік білдірді. Мен айтқан сөзіме өзім жауап беремін. Ешкім мен үшін ақталып, жауап бермей-ақ қойсын», - деді Бақыт Тұрман.

Әлеуметтік желіде бұл жағдай қызу талқыға түсіп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.