Алғашқы бөлімшелер келген кезде кафе толық көлемде ашық және қарқынды өртеніп тұрған.
Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылып, өрт шықты
Фото: видеодан кадр
211
оқылды

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты станциясында орналасқан бір кафеде газ баллоны жарылып, өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, алғашқы бөлімшелер келген кезде кафе толық көлемде ашық және қарқынды өртеніп тұрған.

Алдын ала мәлімет бойынша, тоғыз зардап шеккен адам қазіргі уақытта жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізіліп жатыр, онда оларға төсек орындары мен қажетті дәрі-дәрмектер дайындалған.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.