Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан екі адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілген.
Жеті көлік түйісті: Астана маңында ірі жол апаты болды
197
оқылды

Бүгін Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 94-95-шақырымында жеті автокөлік соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан екі адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілген. Бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалыс қарқынды учаскелерде абай болу, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын тұрақты түрде бақылау қажеттігін еске салды.