Ресей футболындағы дағдарыс жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бүгін белгілі болғандай, келесі маусымда Екінші лигада Новотроицк қаласының «Носта» клубы ойнамайды. Команда ресми түрде таратылды.
34 жылдық тарихы бар «Носта» өткен маусымда өз тобының турнирлік кестесінде 13-орын алған еді. Бұл клуб 2000 жылы және 2007-2009 жылдары Ресейдің Бірінші лигасында бақ сынаған.
Спорттық қауымдастық үшін бұл үлкен жоғалту, өйткені өңірлік клубтар ел футболының негізін құрайды.