Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Ресей аумағындағы және уақытша басып алынған өңірлердегі бірқатар маңызды нысандарға соққы жасалғанын хабарлады. Мәліметке сәйкес, Краснодар өлкесіндегі Афип мұнай өңдеу зауытының қуаттарына соққы беріліп, нысан аумағында жарылыстар мен ауқымды өрт тіркелген. Қазір келтірілген шығын көлемі нақтыланып жатыр.
Сонымен қатар Волгоград облысындағы «Урюпинская» мұнай базасы да шабуылға ұшыраған. Бұл нысанда да жарылыстар мен өрт болғаны айтылды. Украина Бас штабы Ресей аумағындағы аталған нысандардың зақымдану деңгейі әзірге анықталып жатқанын мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Украина Қорғаныс күштері бірқатар әскери нысандарды да соққыға алған. Донецк облысында радиоэлектрондық күреске арналған «Волна-2» станциясы, десанттық-шабуыл дивизиясының басқару пункттері мен радиолокациялық станция жойылған. Запорожье облысында «Тор-М2» әуе шабуылына қарсы кешені мен дрон зертханасы, ал Қырымда жанар-жағармай базалары мен әуе қорғаныс жүйелеріне тиесілі радиолокациялық станциялар нысанаға алынған.