Қарағанды облысы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен өткізіліп жатқан «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының облыстық кезеңі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Байқауға «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айту бойынша 7 аудан мен 6 облыстық маңызы бар қаладан 4 200-ден астам оқушы және 2 000-нан астам мұғалім қатысты. Тыңдаушыны тәнті еткен талапкерлер 127 беттік, 4 040 жолдан тұратын дастанды жаттап, шеберлігін көрсетті. Ұлттық фольклорды сақтап, жыршылық өнерді дамытуға бағытталған байқаудың ақтық кезеңіне 39 өнерпаз жолдама алып, бүгін өзара бақ сынауда.
І орын – 1 000 000 теңге және демеуші тарапынан Қарағандыдағы жоғары оқу орнының біріне грант иеленсе, оның ұстазы 1 000 000 теңге және демеуші тарапынан жеңіл автокөліктің кілтін алады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.