Көктайғақ болады, қар жауады, бұрқасын соғады және тұман түседі.
«Көктайғақ, бұрқасын, тұман»: синоптиктер бүгін барлық өңірде ескерту жариялады
669
оқылды

Синоптиктер бүгін, яғни 16 желтоқсанда Қазақстан аумағының барлық өңірінде және Астанада дабылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Көктайғақ болады, қар жауады, бұрқасын соғады және тұман түседі.

Астанада қар жауады, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

Қостанай облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

Павлодар облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында қар жауады, бұрқасын соғады. Жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында қар жауады, бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының түнде солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде, күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстігінде тұман түседі. Жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.

Абай облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстігінде тұман түседі. Жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ болады, солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түседі. Жел 15-20 м/с.

Шымкентте күн соңында көктайғақ болады, кей уақыттарда тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады. Түнде солтүстігінде бұрқасын соғады. Жел 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Жел 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының шығысы мен солтүстік-шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Жел 15-20 м/с.

Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында тұман түсіп, аяз болады.