Әнші әрі продюсер М.Мұқанованың сөзінше, сұлулық процедураларымен айналысатын Бану есімді маман құрбысы екен.
«Онсыз да әдемісіз!»: желі қолданушылары Мөлдір Мұқанованы пластикалық операция жасатпауға шақырды
220
оқылды

Мөлдір Мұқанова TikTok парақшасына пластикалық ота істейтін клиника туралы айтып, бетіне өзгеріс жасау өзінің де ойында бар екенін жасырмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әнші әрі продюсер М.Мұқанованың сөзінше, сұлулық процедураларымен айналысатын Бану есімді маман құрбысы екен. 

Бірақ желі қолданушылары Мұқанованы ота істетпеуге көндіріп, түрлі пікір жазды. 

"Мөлдір ханым, түрдің пластикасынан бұрын, сөз сөйлеу сауаттылығын арттырсаңызшы", "Жасамаңыз, онсыз да әдемісіз!", "Жасатпа, Алладан артық шебер жоқ!", "Табиғи сұлусыз, сізге пластика керек емес!", "Мөлдір, саған не көрінді?!", "Керек емес!",-деп жазды желі қолданушылары.